11.10.2022 _ 11:00

15 қазанда Түрікменстан Президенті Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапармен келеді

Мемлекет басшысының шақыруымен ү.ж. 15 қазанда Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтың Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапары өтеді. Сапар екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толған жылы өтеді.

Бұл сапар саяси, сауда-экономикалық, көлік-транзиттік және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты, сондай-ақ қазақ-түрікмен стратегиялық әріптестігін арттыруға бағытталған.

Сапар барысында тараптар кең ауқымды мәселелерді, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылауды жоспарлап отыр.

Іс-шара қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарлануда.