11.10.2022 _ 11:06

17 қазанда Астанада ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің СІМ басшылары кеңесінің бейресми отырысы өтеді

Ү.ж. 17 қазанда Ыстамбұл қаласында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің бейресми отырысына қатысады.
17 қазанда Астанада  ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің СІМ басшылары кеңесінің бейресми отырысы өтеді

Іс-шара барысында ағымдағы жылдың қарашасында Самарқанд қаласында жоспарланған Ұйым мемлекеттері басшыларының саммитіне дайындық мәселелерін қарау және саммит барысында қол қойылатын құжаттардың жобаларын түпкілікті келісу күтілуде.

Түркі мемлекеттерінің ұйымы (ТМҰ) Қазақстанның бастамасымен 2009 жылы Нахчыван қаласында (Әзербайжан) құрылды. ТМҰ хатшылығы Ыстамбұл қаласында (Түркия) орналасқан. Қазіргі уақытта ұйымға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кіреді. Мажарстан мен Түрікменстанның бақылаушы мәртебесі бар.