11.10.2022 _ 11:30

Осы жылдың 9 айында 300-ден астам қоғамдық тыңдау ұйымдастырылды

Қоғамдық кеңестер өз қызметі шеңберінде 2022 жылдың 9 айында жаңартылған құрамда 1020 отырыс өткізді, онда өзекті мәселелер, сондай-ақ қоғамдық бақылауды жүзеге асыру қорытындылары қаралып, ұсынымдар жасалды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет мәлім етті.
Осы жылдың 9 айында 300-ден астам қоғамдық тыңдау ұйымдастырылды иллюстративное фото с сайта gov.kz

«Өз өкілеттіктерін іске асыру шеңберінде барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестер азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты 3000-ға жуық нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарап, шешімдерін жария еткен. Ауыз сумен жабдықтау, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы және т.б. мәселелер бойынша 300-ден астам қоғамдық тыңдау ұйымдастырылды. Республикалық және жергілікті мемлекеттік органдардың 500-ге жуық басшысының есептері тыңдалды», - деді спикер.


Оның айтуынша, Қоғамдық кеңестер қоғамдық мониторинг түріндегі қоғамдық бақылау нысанын белсенді пайдаланады. Есепті кезеңде халықты толғандыратын неғұрлым өзекті мәселелер бойынша 200 қоғамдық мониторинг жүргізілді.