11.10.2022 _ 11:40

Астана қаласында Қоғамдық кеңестердің III республикалық мәжілісі өтеді

Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында және институттың қызметін жетілдіру мақсатында биыл 14 қазанда Астана қаласында Қоғамдық кеңестердің республикалық мәжілісін өткізу жоспарлануда. Іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен 250 адам қатысады деп күтілуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет хабарлады.

«Пленарлық сессия барысында «бірінші және екінші шақырылым» қызметінің қорытындылары, қоғамдық кеңес мүшелерінің бақылау қызметі, сондай-ақ қоғамдық кеңестердің қызметі туралы баяндаманың жобасы талқыланады. Сондай-ақ түрлі панельдік сессиялар өтеді. Мәжіліс қорытындысы бойынша қоғамдық кеңестер институтының қызметін одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірленетін болады», - деді спикер.