12.10.2022 _ 18:03

Қырғызстан Президенті Астана әуежайына келіп қонды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов елорда әуежайында халықаралық іс-шараларға қатысу үшін келген Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровты күтіп алды.
Қырғызстан Президенті Астана әуежайына келіп қонды

Қырғызстан Президенті Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне, ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысады.