12.10.2022 _ 18:08

Өзбекстан Президентін Астана әуежайында ҚР Премьер-Министрі қарсы алды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов елорда әуежайында бірқатар халықаралық шараға қатысу үшін елімізге келген Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті қарсы алды.

Өзбекстан Президенті Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі VI саммитке (12-13 қазан), ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысына (14 қазан) және «Орталық Азия – Ресей»  саммитіне (14 қазан) қатысады.