13.10.2022 _ 06:17

Беларусь Республикасының Президенті Астанаға келді

Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко жоспарланған халықаралық іс-шараларға қатысу үшін Астанаға келді.

🤝 Елорда әуежайында оны ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қарсы алды.
 
Астанада Александр Лукашенко Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі VI саммитке АӨСШК бақылаушы мемлекет басшысы ретінде және ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысады.