13.10.2022 _ 09:01

Бүгін Астанада АӨСШК VI саммиті өтеді

Бүгін Астанада Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтеді. Бұл халықаралық форумға АӨСШК мемлекеттері мен үкіметтерінің басшылары қатысады.

Саммит аясында ықпалдастықтың өзекті мәселелері мен осы ұйым қызметінің басым бағыттарын талқылау жоспарланып отыр.