14.10.2022 _ 10:13

ҚР Еңбек министрлігі мен Түркияның отбасы істері министрлігі өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Түркия Республикасының Отбасы істері, еңбек және әлеуметтік қызметтер министрлігі Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумға Қазақстан-Түрік Үкіметаралық экономикалық комиссиясының 12-ші отырысының қорытындысы бойынша уағдаластықтарға сәйкес Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның Қазақстанға сапары аясында қол қойылды.

Ол әлеуметтік қызметтер жүйесінің тиімділігін арттыру, арнаулы әлеуметтік және оңалту қызметтерін көрсету және табысы аз азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету бойынша тәжірибе алмасуға бағытталған.