14.10.2022 _ 18:40

Үкіметте жаһандық экономикалық трендтер талқыланды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев орталық мемлекеттік органдар, Ұлттық банк және Экономикалық зерттеулер институты өкілдерінің қатысуымен өзекті экономикалық мәселелер жөнінде кеңес өткізді.
Үкіметте жаһандық экономикалық трендтер талқыланды

Атап айтқанда, жаһандық экономикалық трендтер мен әлемдік өндіріс қарқынына әсер ететін факторлар, сын-қатерлер, сондай-ақ жалпы халықаралық нарықтардағы ахуал қаралды.

AMPҚорытындылай келе, Ерұлан Жамаубаев жаһандық үрдістерді сараптамалық деңгейде егжей-тегжейлі талдауды тапсырды.