16.10.2022 _ 11:19

Қазақстан Елшісі Франция Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Елисей сарайында Қазақстан Республикасының Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова Француз Республикасының Президенті Эммануэль Макронға сенім грамоталарын тапсырды.

Қазақстандық дипломат Э.Макронға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ізгі тілектерін жеткізіп, Қазақстанның биыл дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығын атап өтіп жатқан екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі кеңейтуге және нығайтуға мүдделілігін қуаттады.