18.10.2022 _ 11:30

Биыл 9 айда кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған ЖКО-ның барлық көрсеткіштері бойынша өсім байқалады

Есепті кезеңде балалардың қатысуымен 2 378 жол-көлік оқиғасына жол берілді, онда 181 бала қаза тауып, 2 826 жасөспірім жарақат алды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев мәлімдеді.

«Балалар - жол қозғалысына қатысушылардың ең осал санаттарының бірі. Әдетте, балалар өте мүшкіл хәлге ұшырайтындай ауыр жарақат алады. Көбінесе жол ережесін білмеу немесе оларды елемеу салдарынан жолдың жүріс бөлігінде ойнайтын, белгіленбеген жерлерде көшені кесіп өтетін, көлік құралдарына отыруды және олардан түсу ережелерін дұрыс жүзеге асырмайтын балалар жол-көлік оқиғаларына себеп болады. Мәселен, осы жылдың 9 айында кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының барлық көрсеткіштері бойынша өсім байқалады», - деді спикер.