18.10.2022 _ 11:40

Елімізде 216 мыңнан астам жаяу жүргіншіге айыппұл салынды

Жол жүрісін қадағалауды жүзеге асыру шеңберінде ағымдағы жылы 4,5 млн астам жол жүрісі қағидаларын бұзушылықтардың жолы кесілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев хабарлады.
иллюстративное фото с сайта zakon.kz

«Барлық жол жүрісі қағидаларын бұзудың 43% - белгіленген жылдамдықты асырып басқарғандар. Сонымен қатар 216 мыңнан астам жаяу жүргіншіге айыппұл салынды. Көлікті мас күйінде басқарғаны үшін 18 мыңнан астам жүргізуші ұсталды. 20 мың жүргізуші басқару құқығынан айырылды, 16 мың адам әкімшілік қамауға алынды», - деді комитет төрағасының орынбасары.