18.10.2022 _ 11:50

Жолдарды және көше-жол желісін тексеру тұрақты түрде жүргізіледі

Жолдарды және көше-жол желісін тексеру тұрақты түрде жүргізіледі, олардың нәтижелері бойынша авариялық-қауіпті учаскелерді жою, сондай-ақ жол жүрісін ұйымдастырудың қазіргі заманғы техникалық құралдарын енгізу бойынша олардың иелеріне қатысты ұсыныстар енгізіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев хабарлады.


«Биыл осындай 29 мыңға жуық тексеру жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерді жою жөнінде 30 мыңнан астам ұйғарым берілді. Ұйғарылған талаптарды орындамағаны үшін 3 мыңнан астам лауазымды және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді спикер.