18.10.2022 _ 12:00

Жолдарда 17 мыңнан астам автоматты камера орнатылды

Жол жүрісін интеллектуалды бақылау жүйелері белсенді дамуда. Жолдарда жол ережелерін бұзуды тіркейтін 17 мыңнан астам автоматты камера орнатылды, олар жыл басынан бері 2,7 млн бұзушылықты анықтады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев хабарлады.
Жолдарда 17 мыңнан астам автоматты камера орнатылды

«Мұндай жүйелерді енгізу жол жүрісіне қатысушылардың тәртібін арттырып қана қоймайды, сонымен қатар апаттылық деңгейінің төмендеуіне айтарлықтай әсер етеді. 
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу - мемлекет алдында тұрған маңызды және асыл міндеттердің бірі, оларды елемеу адам шығынын және басқа да ауыр зардаптарды тудырады. Сондай-ақ, әлеуметтік жарнамаға үлкен мән беріледі. Мәселен, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша 1 мыңнан астам бейне және 2 мыңнан жоғары аудиоролик шығарылды», - деді спикер.