20.10.2022 _ 13:40

Өзен ағынының көпжылдық динамикасы су ресурстарының азаюын көрсетеді

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Президент Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы баяндады. Мемлекет басшысы ведомство қызметі аясында су саласын дамытудың маңыздылығы атап өтті.

«Жыл сайын халықтың су тұтынушылығын қамтамасыз ету және экономика салаларының қажетін қанағаттандыру су тапшылығының өсуіне байланысты күрделі міндетке айналып келе жатқаны мәлім. Өзен ағынының көпжылдық динамикасы жергілікті және трансшекаралық ағындарды азайту арқылы су ресурстарының азаюын көрсетеді. 
Егер 2000 жылдары орташа көпжылдық өзен ағыны 120 текше километр болса, қазіргі уақытта ол шамамен 102 текше километр құрайды. 2030 жылға қарай өзен ағынының одан әрі 99,4 текше километрге дейін қысқаруы болжануда», - деді министр.