20.10.2022 _ 14:00

ЭГТРМ: мәселелерді шешу бойынша шаралар қабылдануда

Трансшекаралық ынтымақтастық жөніндегі жұмысты ведомствоаралық үйлестіру үшін Қазақстанның Су кеңесі құрылды, оның шеңберінде трансшекаралық су пайдалану саласындағы ұлттық мүдделерді қорғау жөнінде шоғырландырылған шешімдер әзірленеді және қабылданады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлім етті.
ЭГТРМ: мәселелерді шешу бойынша шаралар қабылдануда

«Трансшекаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін барлық халықаралық алаңдар іске қосылатын болады. Іргелес елдермен жұмыс екіжақты және көпжақты ынтымақтастық шеңберінде жүргізілуде», - деді спикер.