20.10.2022 _ 14:15

Жаңа Су кодексі әзірленуде. Заң жобаларының тұжырымдамалары бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілді

Су саласында білікті кадрлардың жетіспеушілігі мәселесін шешу мақсатында Ғылым және жоғары білім министрлігі М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетін базалық бейінді Жоғарғы оқу орны ретінде айқындады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлім етті.
Жаңа Су кодексі әзірленуде. Заң жобаларының тұжырымдамалары бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілді

Оның айтуынша, су ресурстарын басқарудағы ғылымның рөлін арттыру мәселесін шешу үшін Су кеңесінің отырысында Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты су саласының бас ғылыми-техникалық орталығы болып белгіленді. 

«Институтта су саласы бойынша барлық ғылыми-зерттеу және талдау жұмыстарын жүргізуге басым құқық бекітіледі деп жоспарлануда. Аталған институттың жанынан еліміздің су ресурстарының саны мен сапасы туралы объективті және шынайы ақпаратты қалыптастыру үшін Ақпараттық-талдау орталығы құрылатын болады. Бұдан басқа, ол ғылыми негізделген басқару шешімдерін қабылдау және мемлекетаралық келіссөздер жүргізу кезінде ұсынымдар әзірлеу үшін қажетті жедел, орта мерзімді және ұзақ мерзімді болжамдарды жасаумен айналысатын болады», - деді министр. 


Бұдан басқа, жаңа Су кодексі әзірленуде. Заң жобаларының тұжырымдамалары бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілді. Жаңа Су кодексінің жобасы Парламентке келесі жылдың сәуірінен кешіктірілмей енгізілетін болады.