20.10.2022 _ 14:20

2025 жылға дейін 212 арнада су есебін цифрландыру жоспарлануда

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін суару арналарын цифрландыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. 2025 жылға дейін 212 арнада су есебін цифрландыру жоспарлануда. 2021 жылы 23 арна цифрландырылды, биыл – 89 арна. Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің айтуынша, аталған шараларды орындау нәтижесінде судың артық шығыны 1,2 км3 төмендейді деп күтілуде.
2025 жылға дейін 212 арнада су есебін цифрландыру жоспарлануда

«АӨК дамыту жөніндегі ұлттық жобада 2025 жылға қарай су үнемдеу технологияларын қолдана отырып, жер көлемін 265 мың гектардан 450 мың гектарға дейін ұлғайту көзделген. Өнеркәсіпте айналымды немесе қайта сумен жабдықтау көлемін ұлғайту есебінен тұщы су алу көлемі 1,3 км3 қысқартылатын болады. Сондай-ақ, суды үнемдеу үшін су үнемдеу технологияларын енгізуді ынталандыратын тарифтерді белгілеу қажеттілігіне баса назар аударылады. Тариф экономикалық құндылықты көрсетіп, оны ұтымды пайдалануға ынталандыруы тиіс», - деп түсіндірді Серікқали Брекешев.   


2025 жылға қарай аталған іс-шараларды іске асыру қосымша 7 км3 сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп күтілуде.