20.10.2022 _ 14:50

Жаңа Су кодексінде жерасты суларын пайдалану ережелері мен қағидалары қарастырылады

Су шаруашылығы ҒЗИ Жамбыл облысындағы жер асты суының құрамын тексеріп, оны егін шаруашылығына жарамды деп тапты. Қоры да жеткілікті. Алайда ағын судың 80% көрші елден алып отырған өңірде жерасты осы күнге дейін суы пайдаланылмай келеді. Кеңестік кезеңде тәжірибе үшін қазылған 100-ден аса артезиан бар. Тамшылатып суаруға қолайлы бұл тәсіл қолға алына ма? Жаңа Су кодексінде жерасты суын пайдалануға қатысты қандай жаңалық бар? Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында экология министрлігінің өкілдеріне журналистер осындай сұрақ қойды.
Жаңа Су кодексінде жерасты суларын пайдалану ережелері мен қағидалары қарастырылады иллюстративное фото с сайта bitov.ru

Су ресурстары комитетінің төрағасы Нұрлан Алдамжаровтың айтуынша, жаңа Су кодексінде ағын су ретінде жерасты суларын пайдалану бойынша нақты бап қарастырылған. Онда жер үсті суы тапшы өңірлерде жер асты суларын егіншілікке пайдалануға болатыны жазылған.  


«Қазіргі кезде Бассейндік инспекция Жамбыл облысында арнайы су беруді бастады. Еуропалық даму банкі арқылы қаржы қарастырылып, 46 скважина бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады. Бұл скважиналар су тапшы Қырғыз еліне тәуелді болып отырған каналға қосымша ағын су беру жоспарланған. Бүгінде жер үсті сулары тапшы жерлерде жер асты суларын пайдалану қолға алынды. келесі жылдан бастап бұл практика басқа өңірлерде де енгізілетін болады. Жаңа Су кодексінде де арнайы жер асты суларын пайдалану ережелері мен қағидалары қарастырылған», - деді спикер