21.10.2022 _ 12:00

2022 жылы шетелдік жұмыс күшін тартатын 64 кәсіпорында мыңнан астам бұзушылық анықталды

Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші жұмыскерлерге тең еңбек үшін тең ақы төлеуді, сондай-ақ қандай да бір кемсітусіз тең өндірістік-тұрмыстық жағдайларды қамтамасыз етуге міндетті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау rомитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов айтты.

«Биыл облыс прокурорлары мемлекеттік еңбек инспекторларымен бірлесіп 30 адамнан көп шетелдік жұмыс күшін тартатын 64 кәсіпорынға тексеру жүргізді, нәтижесінде бір мыңнан астам бұзушылық анықталды, оның ішінде, 179 – еңбекақы төлеудегі диспропорция жағдайы; 399 – шетелдіктердің рұқсаттарда көзделмеген жұмыстарды орындау жағдайы; 210 – талаптарды сақтамау жағдайлары; шетелдіктердің білімінің олар атқаратын лауазымдарға сәйкес келмеу жағдайлары – 205; ШЖК тартуға рұқсатсыз шетелдіктердің еңбек қызметін жүзеге асыруының – 157 жағдайы. Аталған бұзушылықтарды жою үшін 66 ұсыныс енгізілді, 263 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, жалпы сомасы 64 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды, әкімдіктер 390 рұқсатты қайтарып алды», – деді Т. Оспанқұлов.