«Осы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 4 мыңнан астам тексеру жүргізді, оның ішінде: еңбек саласында – 4 573; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 2 103; халықты жұмыспен қамту бойынша – 149. Жұмыс берушілерге 2 мыңнан астам ұйғарым берілді және 300 млн теңгеден астам сомасына 1 400-ден астам әкімшілік айыппұл салынды. Азаматтардың 22 547 өтініші қаралды, өндірістегі жазатайым оқиғаларға 866 арнайы тергеу жүргізілді», - деді спикер.