21.10.2022 _ 12:10

Республиканың кәсіпорындарында 21 мыңнан астам еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор ішкі бақылауды жүзеге асырады

hr.enbek.kz еңбек ресурстарының жаңа порталын іске қосу шеңберінде 2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап жұмыс берушінің еңбек заңнамасы талаптарының сақталуын өзін-өзі тексеруден өтуін көздейтін «Онлайн еңбек консультанты» функционалы іске қосылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау rомитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов мәлімдеді.
Республиканың кәсіпорындарында 21 мыңнан астам еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор ішкі бақылауды жүзеге асырады

«Жұмыс беруші осы еңбек инспекторын алмастыратын және интерактивті режимде жоспарланған немесе орындалған рәсімдердің дұрыстығын тексеретін қызметке жүгіне алады. Бұзушылықтар анықталған жағдайда жұмыс берушіге оларды жою мақсатында нақты іс-әрекеттер ұсынылатын болады. Бүгінгі таңда 13 459 адам өзін-өзі тексерді», – деді комитет төрағасы. 


Сондай-ақ республиканың кәсіпорындарында ішкі бақылауды 21 мыңнан астам еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар жүзеге асыратынын, 16 мыңнан астам өндірістік кеңестер жұмыс істейтінін хабарлады. 

«Қазақстан Кәсіподақтар Федерациясымен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі адамдарды «Халық бақылаушылары» ретінде жұмысқа тартуды көздейтін «Халықтық бақылау» әлеуметтік маңызды жобасы енгізілуде. Бүгінгі таңда жобаны іске асыруға республиканың 212 кәсіпорны қосылды, онда 500-ден астам қызметкер ішкі бақылауды жүзеге асырады», – деп толықтырды Төлеген Оспанқұлов.