21.10.2022 _ 12:15

Биыл еліміздің кәсіпорындарында зардап шеккендер саны 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 5,8%-ға төмен

Биыл тоғыз айда еліміздің кәсіпорындарында 999 адам зардап шекті, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 5,8%-ға төмен, 134 адам қаза тапты, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 4,3%-ға төмен. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау rомитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов хабарлады.
иллюстративное фото с сайта trust-tech.kz

«Жазатайым оқиғаларға әкеп соққан негізгі себептер: жәбірленушінің өзінің өрескел абайсыздығы - 34,9%; жұмыс өндірісін қанағаттанарлықсыз ұйымдастыру; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын бұзу; автожол жүрісі қағидаларын бұзу болды. Бұл ретте, бұрынғыдай, еліміздің өнеркәсіптік өңірлерінде: Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Павлодар облыстарында және Алматы қаласында жарақаттанудың жоғары деңгейі сақталуда. Экономика салалары бөлінісінде зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен металлургия кешенінің кәсіпорындарында және құрылыс саласында байқалады», - деді спикер.