21.10.2022 _ 14:40

Президент тапсырмасын орындау шеңберінде 100-ден астам табиғи монополия субъектілерінің тарифі түзетілді

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында комитет халық үшін коммуналдық қызметтерге арналған тарифтерді көтеруге 180 күнге мораторий енгізді. Осыған байланысты 100-ден астам табиғи монополия субъектілерінің тарифі түзетілді. Бұл халыққа 3,2 млрд теңгеден астам қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев мәлімдеді.

«Комитет 8 реттелетін саладағы 1200 астам табиғи монополия субъектілерінің қызметін реттейді. Бүгінгі күні 100 артық кәсіпорын электр энергиямен жабдықтау қызметтерін көрсетеді. Оның ішінде 37 кәсіпорынға табиғи монополияларды реттеу комитеті жүзеге асыра алатын бағаларды мемлекет реттеу қолданылады», - деді спикер.