21.10.2022 _ 15:00

Заңнаманы бұзғаны үшін табиғи монополиялар субъектілерінің басшыларына жеке жауапкершілік жүктеледі - ҰЭМ

Тұтынушыларды газға қосу процесін оңайлату және жеделдету мақсатында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті газға техникалық шарттар алу үшін құжаттар тізбесін қысқарту бөлігінде бірқатар құқықтық актілерге тиісті түзетулер енгізді. Жеке тұлғалар үшін 8-дің орнына 4, заңды тұлғалар үшін 8-дің орнына 5. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ведомство басшысы Асан Дарбаев хабарлады.
Заңнаманы бұзғаны үшін табиғи монополиялар субъектілерінің басшыларына жеке жауапкершілік жүктеледі - ҰЭМ

«Тарифтік саясатты реформалау үшін табиғи монополиялар инфрақұрылымына инвестициялар тартуды көздейтін және коммуналдық қызметтерді үздіксіз көрсетуді қамтамасыз ететін «Тарифті инвестицияларға айырбастау» қағидаты бойынша табиғи монополиялар саласын реттеудің жаңа тұжырымдамасы ұсынылады. Ынталандырудың жаңа тәсілдері табиғи монополиялар субъектілері басшыларының заңнаманы бұзғаны үшін жеке жауапкершілігін бекіту арқылы тұтынушылардың қаражатын пайдалануды бақылауды күшейтумен; жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде кепілдендірілген қызмет көрсету жөніндегі мердігер ұйымдарға, сондай-ақ техникалық сарапшыларға, инвестициялық бағдарламалардың іске асырылуын бағалау жөніндегі ұйымдарға қойылатын талаптарды арттырумен; шикізатты, материалдарды, отынды жұмсау нормаларын, жөндеу жұмыстары мен шығындарының санын айқындау жөніндегі стандарттарды, нормативтер мен қағидаларды өзектендірумен; сондай-ақ монополистер үшін нормативтік-техникалық бағдарламаларды қарау құзыретін және шығындарын бекітумен сүйемелденетін болады», - деп түйіндеді спикер.