22.10.2022 _ 08:09

Қазақстан мен Ресей сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесті.

Министрлер өткен аптада Астанада өткен АӨСШК, ТМД және Орталық Азия - Ресей саммиттерінің қорытындыларын, сондай-ақ ҰҚШҰ аясындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.