22.10.2022 _ 08:50

22 қазанда Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толады

Бүгін, 2022 жылдың 22 қазанында екі ел - Ресей мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толып отыр. Бұл туралы Sputnik.kz хабарлайды.

Осы уақыт ішінде екі мемлекет ұзақ ғасырлық тату көршіліктің қолдауымен барлық салаларда – саясатта, экономикада, білім беруде, денсаулық сақтау мен мәдениетте шынайы табысты ынтымақтастық орната білді.

«Ресей-Қазақстан дипломатиялық қарым-қатынасының 30 жылдығы осы мерейтойдың басталу нүктесі – КСРО-ның ыдырауымен тығыз байланысты», - деді Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкин.