22.10.2022 _ 09:29

Қостанай облысында халықтың жалпы өлім-жітім көрсеткішінің 10%-ға төмендеуі байқалады

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қостанай облысына жұмыс сапары бағдарламасының шеңберінде жұртшылықпен кездесу өткізді.

Министр өзінің кіріспе сөзінде денсаулық сақтауды дамытудың бірнеше басым бағыттарын атап өтті, бұл медициналық-санитарияық алғашқы көмек ұйымдарында медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және қамтуды кеңейту, ауыл медицинасын дамыту, ана мен бала денсаулығын сақтау, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсарту.

Ол облыстың медициналық-демографиялық көрсеткіштерін талдау оң динамиканы көрсететінін атап өтті. Мәселен, 2022 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысында халықтың жалпы өлім-жітім көрсеткішінің 10%-ға төмендеуі байқалады. Сондай-ақ ана өлімі, қанайналым жүйесі ауруларынан және қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім көрсеткіштері төмендейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің рөлін атап өтіп, Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы бұл халыққа барлық медициналық көмекті үйлестіруге арналған қызмет екенін атап өтті. Қостанай облысында 468 медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектісі жұмыс істейді – бұл республиканың барлық медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының 8%.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша медициналық алғашқы көмекті ұйымдастыру тәсілдерін түбегейлі қайта қарау үшін халықтың, оның ішінде ауылдық жерде тұратын халықтың кең тобына үлкен ұтқырлық пен қолжетімділік жағына медициналық-санитариялық алғашқы көмекке қолжетімділігін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық жобасының шеңберінде өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектісін салу бойынша дайындық жұмыстары басталды, оның ішінде 253 – медициналық пункт, 160 – дәрігерлік амбулатория және 242 – фельдшерлік-акушерлік пункт. Қостанай облысында ауылда 25 медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектісін салу жоспарланған.

Бұдан басқа, 32 көпбейінді аудандық орталық аурухана, оның ішінде Қостанай облысында 2 аурухана  -Жетіқара аудандық ауруханасы және Арқалық өңірлік ауруханасын ашу жоспарлануда.

Сонымен қатар, ведомство басшысы хабарлағандай, барлық денсаулық сақтау ұйымдарына, оның ішінде босандыру және реанимация қызметтеріне оларды медициналық жабдықтармен, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен жарақтандыру бойыншаинвентаризация жүргізілді. Мәселен, Қостанай облысы бойынша медициналық техникамен жарақтандыру – 85,7%, тозу – 23,9% құрады.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы мүгедек азаматтардың медициналық көмектің қолжетімділігі, жедел жәрдемге жету уақыты, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық кадрларды даярлау туралы көптеген сұрақтарына жауап берді.