28.10.2022 _ 16:10

Бизнес өкілдерінің заңды мүдделері мен конституциялық құқықтары қорғалады.

Биыл 9 айда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылардың әрекеттеріне/әрекетсіздігіне 18 856 шағым қаралды. Олардың 9738 шағымы немесе 51,6% ішінара немесе толық қанағаттандырылды. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасы Ержан Мыңжасаров осындай көрсеткіштерді жария етті.

Оның айтуынша, осылайша, бизнес өкілдерінің заңды мүдделері мен конституциялық құқықтары қорғалады. 


«Жұртшылық тарапынан мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің мониторингіне қатысып, қатаң қоғамдық бақылауды жүзеге асыру - біз үшін өте маңызды! Ол үшін «Электрондық шағым» функционалы арқылы шағымданудың оңайлатылған және тиімді тетігі жасалды және шағымдар тізілімі енгізіліп, оларды қарау нәтижелері де қамтылды. Шағымдар тізілімі ашық және барлығына қол жетімді. Бұл бақылаушы органдар тарапынан ғана емес, жұртшылық тарапынан да бақылауды күшейтті», - деді комитет төрағасы.