01.11.2022 _ 11:50

Шарттар жақсартылып, кейбір шектеулер алынып тасталды. Жас ғалымдар грант конкурстарына қатыса алады

Жоғары білікті және бәсекеге қабілетті зерттеушілерді қалыптастыру, талантты жастарды ғылымға тарту және бекіту, жас зерттеушілердің үлесін арттыру. Бұған ынталандыру гранттары арқылы қол жеткізілмек. Мысалы, «Жас ғалым» жобасы бойынша келесі 2 жылға қаржыландырудың жалпы сомасы 3 млрд теңгені құрайды. Конкурсқа ғылыми кеңесшінің қатысуымен постдокторанттың жеке зерттеулері қабылданады. Өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 14 қарашаға дейін жалғасады.

«Егер өткен жылғы конкурста әрбір жас ғалымға идеяларды іске асыруға 19 млн теңге берілсе, биыл бұл көлем 24 млн теңгеге дейін арттырылды. Жас ғалымдардың өтініштеріне байланысты конкурстарға қатысу жағдайларын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілді және кейбір шектеулер алынып тасталды. Атап айтқанда, жас ғалымдар оқыту бөлігінде қиындықтарға тап болды, олар 3 кредиттен артық ала алмады, ал енді бұл мүмкін. Біз конкурстық шарттарды жақсартуды және қаржыландыру көлемін ұлғайтуды жалғастырамыз. Бұл жерде постдокторанттарымыздың басты міндеті диссертацияларды қорғау болып табылады, бұл ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған конкурстарға одан әрі қатысуға мүмкіндік береді», - деді ҒЖБМ Ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмед-Заки.