01.11.2022 _ 12:00

Екі мыңнан астам жас ғалым мен зерттеуші ғылыми идеяларды жүзеге асырады

Жас ғалымдарды мемлекеттік қолдаудың аса сұранысқа ие құралдарының бірі гранттық қаржыландыру бойынша жекелеген конкурстар болды. Олар 2019 жылдан бері өткізіліп келеді. ОКҚ алаңында ҚР ҰӘҚ Ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмед-Зада олардың тиімділігі туралы айтып берді. Оның айтуынша, бүгінде 451 жобада екі мыңнан астам жас ғалым мен зерттеуші өздерінің ғылыми идеяларын жүзеге асыруда.
Екі мыңнан астам жас ғалым мен зерттеуші ғылыми идеяларды жүзеге асырады Иллюстративное фото с сайта cybersport.metaratings.ru

«Бұл жобалар жас зерттеушілердің жаңа дағдылар мен құзыреттерді, топ құрамында басшылық ету және жұмыс істеу тәжірибесін алуға, олардың жариялау белсенділігін арттыруға бағытталған. Бұл жобаларға жұмсалатын бюджет шығындарының жалпы көлемі 26,2 млрд теңгені құрайды. Биыл «Жас ғалымдар» байқауында біз бір жобаны қаржыландыру көлемін 75 млн теңгеге дейін арттырдық, оның ішіне жабдық сатып алу да кіреді. Әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдар және өнер саласында - 54 млн теңге. Байқаудың мақсаты - жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу бастамаларын ынталандыру», - деп атап өтті спикер. 


2023-2025 жылдарға арналған қаржыландырудың жалпы сомасы - 9 млрд теңге. Конкурсқа қатысушының PhD дәрежесі, ғылым бағыттары бойынша жарияланымдары болуы тиіс, жасы 40-қа дейін болуы керек.  

Сонымен қатар алдыңғы конкурстардың жеңімпаздары енді қатыса алмайды. Конкурстық өтінімдер 11 қарашаға дейін https://is.ncste.kz «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ сайтында қабылданады.