03.11.2022 _ 11:20

Бірқатар зертханалар мен сертификаттау органдары аккредиттеуден айырылды және бұзушылықтар үшін миллиондаған айыппұл төлейді

2022 жылдың басынан бастап ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің қызметкерлері 70 аккредиттеу субъектісін тексерді: сертификаттау жөніндегі органдар – 34, сынақ зертханалары – 22, тексеру зертханалары - 15, оның ішінде 39 аккредиттеу субъектісінде бұзушылықтар анықталды, бұл жартысынан көп. 70 аккредиттеу субъектісін тексерді: сертификаттау жөніндегі органдар – 34, сынақ зертханалары – 22, тексеру зертханалары – 15. 39 аккредиттеу субъектісінде бұзушылықтар анықталды. Бұл жартысынан көбі. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифинг барысында ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев мәлімдеді.

«Жол берілген бұзушылықтар үшін келесі зертханалар мен сертификаттау органдарында 6 айға, 4 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылды, алайда олардың бір бөлігі заңды құқығын пайдаланып осы шешімдерді сотта дауласып жатыр. Мысалы, Петропавл қаласында «Петроэкспертиза» ЖШС автокөлік құралдарын қайта жабдықтау кезінде сынақ жүргізбей 50 құжат бергені үшін аккредиттеу аттестаты 6 айға тоқтатылды.  «Полисертико» ЖШС осындай бұзушылықтар - таңбалау бойынша бұзушылықтар, СЭС тамақ өнімдеріне декларацияның күші жойылды. Сондай-ақ оларға 2,4 млн теңгеге айыппұл салынды.

Бұдан басқа, бұзушылықтар үшін сарапшы-аудиторлардың аттестаттары тоқтатылды, бұл сынақтарды толық өткізбей құжаттарды беру, сондай-ақ көлік құралдары конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктерді бұза отырып беру. 1,1 млн теңге сомасына әкімшілік айыппұлдар салынды», - деді спикер.