03.11.2022 _ 11:40

Ондаған сапа сертификаты заңсыз деп танылды

Көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктердің қолданылуын жою туралы 413 куәлік жойылды және көлік құралының үлгісі мен куәліктерінің берілген мақұлдауларының бірыңғай тізілімінен шығарылды. Ұйғарымдар көлік прокуратурасынан келіп түсті. ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаевтың айтуынша, бұзушылық қозғалтқыштардың шығарылған жылдары мен көлемінің мәлімделгенге сәйкес келмеуінен тұрды. Құжаттар Мемлекеттік кірістер комитетіне кедендік баждар айырмасын есептеу үшін жіберілді.
Ондаған сапа сертификаты заңсыз деп танылды

Комитеттің бұйрығымен Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз ресімделген 57 сәйкестік декларациясының және 63 сәйкестік сертификатының күші жойылды, оның ішінде импорттық цемент, Қырғызстанда сертификатталған электр тұрмыстық аспаптар,  сынақтары аккредиттелген зертханаларда жүргізілмеген импорттық жиһаз бар. Қытайдан әкелінген өнімдер мен ойыншықтардың да құжаттары қабылданбады.


«Құқық бұзушыларға (сәйкестік туралы декларацияны импорттаушы-өтініш берушілерге) айыппұл салынды. Құжаттардың күшін жою туралы ақпарат осындай өнімнің таралуына жол бермеу үшін Мемлекеттік кірістер органдарына, ЕЭК-ке және ЕАЭО елдерінің органдарына жіберілді. Сәйкестікті бағалау туралы құжаттарсыз электр тұрмыстық аспаптарды сату фактісі бойынша 600 АЕК (1 837 800 теңге) мөлшерінде айыппұл салынған ірі сатушылар жауапкершілікке тартылды, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Айта кетейін, өздеріңіз білетін осындай сатушылар елімізде толыққанды сынақ өткізумен осындай сертификаттар ала бастады. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен өзара іс-қимыл нәтижелері бойынша «тауарлардың қауіпсіздігіне сәйкестік сертификаттарын жылдам алу» бойынша қызметтер көрсеткен, яғни қызметтерді жарнамалаған 20-дан астам сайт, консалтингтік компания бұғатталды. «Жарнама туралы» заң бойынша оларды тек аккредиттелген субъектілер ғана жарнамалай алады. Бұл жұмысты нарықта айналымдағы өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оның ішінде заңсыз импортты азайту, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін сұр сертификаттармен күрес шеңберінде басымдықпен тұрақты негізде жүргізетін боламыз», - деді спикер.