03.11.2022 _ 14:40

Созылмалы аурулары бар науқастарға тұмау кезінде дәрі қабылдауды тоқтатпау керек

Вирустармен сырқаттанушылық артып келеді. Олар жоғарғы тыныс алу жолдарын зақымдайды. 60 жастан асқан адамдар және жүкті әйелдер қауіпті топқа жатады. «Астана медицина университеті» КЕАҚ клиникалық жұмыс жөніндегі проректоры Бақыт Көшерованың айтуынша, аурулардың шамамен 80%-ы жеңіл түрде өтеді, емдеу қажет емес, бірақ эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтап, оқшаулану қажет.

«Ауру орташа ауыр түрде өткен жағдайда интоксикация белгілері артады: температура 38° жоғары, әлсіздік, бұлшықет ауыруы, жөтел пайда болады құрғақ, тыныс алудың қиындауы белгілері байқалады, бұл жағдайда медициналық көмекке жүгіну керек, ең алдымен өз дәрігеріңізге. Өз бетіңізше қабылдай алатын жалғыз дәрі - бұл қызуды түсіретін препараттар, қалған емді дәрігер тағайындайды. Жұқпалы емес (қант диабеті, өкпе, бауыр, бүйрек аурулары, жоғары холестерин) сияқты ілеспе аурулары бар және мемлекеттен тегін алатын белгілі бір дәрі-дәрмектерді қабылдайтын пациенттер үшін тағы бір маңызды мәселе, біз пациенттерге бұл препараттарды қабылдауды тоқтатпауға кеңес береміз. Себебі оны қабылдамау салдарынан ауру асқынып кетуі ықтимал», - деп атап өтті спикер. 


Ол аурудың алдын алған дұрыс екенін тағы да еске салды. Ал оның ең тиімді жолы - вакцинация. Екпе салдыру жүкті әйелдерге де ұсынылады.