05.11.2022 _ 08:12

Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

Онда қатты пайдалы қазбаларды геологиялық барлауға бірқатар лицензиялар берудің заңдылығы мәселесі қаралды. Бұл шешімдердің заңдылығын талдау үшін арнайы жұмыс тобы құрылады.
Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысын өткізді фото с сайта primeminister.kz

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. 

AMPОнда қатты пайдалы қазбаларды геологиялық барлауға бірқатар лицензиялар берудің заңдылығы мәселесі қаралды. Бұл шешімдердің заңдылығын талдау үшін арнайы жұмыс тобы құрылады. 

AMPТалқылауға орталық мемлекеттік органдардың, Бас прокуратураның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Қаржы мониторингі агенттігінің, «Самұрық-Қазына» қорының басшылары қатысты.