07.11.2022 _ 15:00

«Рақымшылық жасау туралы» Заң: ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарға тағайындалған жазалардың мөлшері қайта қаралатын болады

2022 жылғы 2 қарашада Мемлекет басшысы қаңтар оқиғасына қатысқан адамдарға қатысты «Рақымшылық жасау» туралы Заңға қол қойды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес рақымшылық жасауға сәйкес келетін жалпы тұлғалардың шамамен саны 1,5 мыңға жуық адам. Бұл туралы ОКҚ алаңында Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Килымжанов мәлімдеді.

Аталған заңды тергеу сатысында және сотталған адамдарға қатысты қолдану бойынша көп жұмыс күтіп тұр.  


«Бас прокуратура өз тарапынан жергілікті прокурорларға «Рақымшылық жасау» Заңының нормаларын біркелкі қолданылуын және қатаң заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету туралы тапсырма берілді. Бүгінгі күні жазаны орындайтын органдармен 878 сотталғанға қатысты соттарға мерзімді қысқарту және жазадан босату туралы ұсыныстар жолданды. 
Тергеу органдарымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында орта дәрежелі қылмысты жасағаны үшін 5 күдіктіге қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды. Басқа адамдар ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасаған, оларға Рақымшылық сотпен қолданылатын болады. Оларға тағайындалған жазалардың мөлшері қайта қаралатын болады», - деді полковник.  


Оның айтуынша, БП тергеу әрекеттерін жүргізу барысында азаматтардың құқықтарының сақталуы және заңдылығын қамтамасыз етуде. Жаңа мән-жайлар анықталғанына қарай олар жұртшылықтың назарына жеткізілетін болады.