07.11.2022 _ 16:02

Қытайдың 5-ші халықаралық импорттық көрмесінде Қазақстандық павильон ашылды

Шанхайда Қытайдың Бесінші халықаралық импорттық көрмесі (CITIE) басталды. Биыл көрмеге 145 ел қатысуда, Fortune 500 тізіміндегі 280-нен астам компания ұсынылған.
Қытайдың 5-ші халықаралық импорттық көрмесінде Қазақстандық павильон ашылды

Қазақстан павильонында 25 қазақстандық кәсіпорынның сүт, кондитерлік, ұн тарту, майлы, алкогольсіз және басқа да өнімдерінің кең ассортименті ұсынылған: «DEP» ЖШС, «Султан Маркетинг» ЖШС, «Аралтұз» АҚ, «Казинтерпродукт» ЖШС, «Самади-2030» ЖШС , Rola -7 ЖШС, «Шатхабар ИП», «Топ Энерджи» ЖШС, «Снакхан» ЖШС, «Малу» ЖШС, «Даулет-Бекет» ЖШС, «Көкшетау минералды сулары» АҚ, «Нефис Групп» ЖШС, «Eurasia Invest» ЖШС, «SWEET IDEAS-KZ» ЖШС, «Delis» ЖШС, «Golden Camel Group» ЖШС, Асыл Spice center ЖШС, RG Brands ЖШС және т.б.

Көрмеге қатысушы Қытайдың мемлекеттік органдары мен кәсіпорындарының өкілдері Қазақстанмен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екендіктерін білдірді.