08.11.2022 _ 08:44

Стокгольм Кино үйінде «Ұлы Дала таңы» атты қазақстандық фильмі көрсетілді

Стокгольм Кино үйінде Қазақстанның Швециядағы Елшілігі мен Швециядағы қазақстандық жастар қауымдастығының қолдауымен Республика күніне орай кино көрсетілімі өтті.
Стокгольм Кино үйінде «Ұлы Дала таңы» атты қазақстандық фильмі көрсетілді

Фильм көрсетілімінде көрермендерге қазақстандық режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы Дала таңы» атты жұмысы ұсынылды. Іс-шараға қазақ диаспорасының өкілдері, БАҚ, сондай-ақ Швецияның қоғам қайраткерлері мен тұрғындары қатысты.

Көрсетілімді аша отырып, қазақстандық дипломаттар швед аудиториясын құттықтап, «Мәдени ынтымақтастық, әрине, барлық саладағы елдер арасындағы өзара іс-қимылды кеңейтудің кілті болып табылады. Бүгінгі іс-шара швед киносының жанкүйерлеріне қазақстандық мәдениет, тарихымыз бен дәстүрлеріміз туралы білуге тамаша мүмкіндік береді. Осылайша, қазақстандық кино күндерін өткізе отырып, біз қазақстандық және швед халықтарын жақындастыруға тырысамыз» - деп атап өтті.