08.11.2022 _ 11:30

Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен қызметі туралы «Соңғы үкім» толық метражды көркем фильм түсірілуде

Мәдениет және спорт министрлігі ағартушы, педагог Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойын мерекелеуге арналған бірқатар іс-шараларды іске асыруда. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Роза Кәрібжанова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.

Атап айтқанда, Ахмет Байтұрсыновтың 12 томдық толық шығармалар жинағы басып шығарылды. Оның өмірі мен қызметі туралы «Соңғы үкім» толық метражды көркем фильм түсірілімі жақында аяқталады.  


«Сондай-ақ Түркістан қаласында «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы 9 -10 желтоқсанда өтеді. Жалпы, республика көлемінде 1 ауылға, 200 ден астам көше мен 42 мектепке, университетке, институтқа, әуежайға, музейге және орталыққа Ахмет Байтұрсыновтың есімі берілген», - деді спикер.