08.11.2022 _ 11:40

Елімізде Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойы тойлануда

Жылдың маңызды оқиғаларның бірі қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойын атап өту. Мерекелеу аясында 85-тен астам іс-шара өткізу жоспарланып, оның 70-ке жуығы іске асырылды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Роза Кәрібжанова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.
Елімізде Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойы тойлануда иллюстративное фото с сайта auezov.kz

«Атап айтқанда, мерейтойдың бірыңғай символикасы бар брендбугы әзірленіп, мерейтойдың пошталық маркасы мен монетасы басып шығарылды. 27 сәуірде іс-шараларды ресми бастау салтанаты Семейде өтті. Салтанатты концерт, ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды», - деді спикер