08.11.2022 _ 12:20

Т.Әлпиев: «Жібек жолы» фестивалі еліміздің мәдениетін дамытуға айтарлықтай үлес қосады

12 қарашада «Астана Опера» театрында IV «Жібек жолы» халықаралық фестивалінің ашылуы өтеді. Бұл үш апталық фестивальді М. Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсы бастап береді. Біржан партиясын біздің жерлесіміз Мариин театрының солисі Ахмед Агади орындайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры директорының орынбасары Төлеубек Әлпиев хабарлады.
Т.Әлпиев: «Жібек жолы» фестивалі еліміздің мәдениетін дамытуға айтарлықтай үлес қосады

«Жібек жолы» фестиваліне Италия, Германия, Чехия, Украина, Армения, Ресей, Беларусь, Әзербайжан секілді 13 мемлекеттен әртістер қатысады. Фестиваль Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтеді. Көрермендердің назарына бүкіл әлемнен жұлдыздардың қатысуымен опера және балеттік спектакльдерден «музыкалық керуен» ұсынылады. «Жібек жолы» фестивалінің салтанатты жабылу рәсімі 6 желтоқсанда өтеді. Бұл күні көпшілікке халықаралық Гала-концерт ұсынылады. «Жібек жолы» фестивалі еліміздің мәдениетін дамытуға айтарлықтай үлес қосады. Сондай-ақ мемлекеттер арасындағы мәдени-рухани байланысты бекітуге септігін тигізеді», - деді Әлпиев.