08.11.2022 _ 12:30

Ерекше қажеттіліктері бар дарынды балаларға арналған «Арман асулары» фестивалін өтеді

«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы Балалар жылына орай балаларды өнерге баулып, олардың мәдени талғамын қалыптастыру мақсатында «Балалар филармониясы» атты жаңа жобаны бастады. Жоба аясында әр сенбі күні арнайы бүлдіршіндер үшін «Қазақконцерттің» танымал әртістері дәріс-концерттер, шеберлік сабақтар, экскурсиялар өткізіп, кәсіби шеберліктерінің сырымен бөліседі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында мемлекеттік концерттік ұйымы директорының шығармашылық жұмыс жөніндегі орынбасары Серік Нұрмолдаев хабарлады.

Дәл осы үрдісті жалғастыра отырып, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Қазақконцерт» ұйымының «Астана мюзикл» театры кішкентай көрермендер назарына «Алдар көсе» мюзиклін желтоқсан айында ұсынады. 


«Сондай-ақ Балалар жылына орай 12 қарашада ерекше қажеттіліктері бар дарынды балаларға арналған «Арман асулары» фестивалі өтеді. «Арман асулары» жобасының негізгі міндеті – Қазақстанның барлық аймақтарынан ерекше қажеттіліктері бар балалар арасындағы таланттыларды анықтау, шығармашылық қабілеттерін арттыру, дамытуға қажетті жағдай жасау және қолдау көрсету. Гала-концерттің ерекшелігі – балалардың кәсіби әртістермен және шығармашылық ұжымдармен коллаборациясы болып табылады. Түркістан, Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарынан, Шымкент қаласынан дарынды балалар өнер көрсетеді. Сонымен қатар 7-16 қараша күндері «ALEM SAZ» халықаралық өнер фестивалі өтеді», - деді Нұрмолдаев.