09.11.2022 _ 11:20

Халыққа тұмауға қарсы вакцинация жүргізілуде

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Марал Рақымжанова аурудың алдын алудың ең тиімді әдісі вакцинация екенін атап өтті. Осы жылы бюджет қаражатына Ресейде шығарылған «ГРИППОЛ+» вакцинасының 2,3 млн дозасы сатып алынды. Вакцина құрамында алдағы маусымдағы вирустарға қарсы штаммдар бар. Бұл жалпы республика халқының 12%-ын қамтуға мүмкіндік береді, ДДҰ ұсынған көрсеткіш – кемінде 10%. Бұл туралы спикер Орталық коммуникациялар қызметі алаңында хабарлады.
Халыққа тұмауға қарсы вакцинация жүргізілуде

«Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен халықтың осал топтары егіледі, оның ішінде медицина қызметкерлері, медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша егу жүргізіледі. Қазан айының басынан бастап халыққа тұмауға қарсы вакцинация жүргізілуде. Республика бойынша тұмауға қарсы 2 136,5 адам немесе жалпы республика халқының 11,3%-ы егілді, оның ішінде жергілікті бюджет қаражатынан 2 054 мың адам; жұмыс берушілер есебінен 51 650 адам; ақылы негізде 30 700 адам екпе салдырды. Вакцинация алғандар арасында 14 жасқа дейінгі балалар – 468 579 (22%), ересек адамдар – 78% құрайды», - деді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары.


Вакцинациядан кейінгі асқынулар тіркелген жоқ.