09.11.2022 _ 11:40

Балаларда тұмау көбінесе жеңіл түрде өтеді

Қазіргі кезде тұмау, ЖРВИ өршіп тұр. Ересектер арасында әрбір 10-шы адам ауырса, балалар арасында әрбір 3-ші бала ауырады. Бұл уақытта балалардың ауырғанына ата-аналар көңіл бөлу керек. Аурудың 80% жеңіл түрде өтеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Астана медицина университеті» АҚ балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі Динагүл Баешева мәлім етті.
иллюстративное фото с сайта riamo.ru

«Бұған қарамастан бірінші күннен бастап баламен бірге ата-анасы үйде қалуы керек. Оны мектепке және т.б. жерлерге апармау қажет. Себебі ол балабақшада, мектепте ауруды басқаларға жұқтыруы немесе оны асқындырып алуы мүмкін. Тұмаудың қауіпті клиникалық көріністері: температура көтеріліп, түспесе, жөтел пайда болса. Сондай-ақ құсу, бас ауруы, температура жоғары болса, бұл мидың зақымдануының белгісі болуы ықтимал. Сондықтан бұл жағдайда баланы дәрігерге көрсеткен жөн. Баланың дауысы өзгеріп, қарлығып кетсе, ентікпе болса, ол да қауіпті. Балаға неғұрлым ертерек көңіл бөлсеңіз, ол соғұрлым тез жазылады», - деді маман.