09.11.2022 _ 11:50

Д. Баешева: Респираторлы синцитиалды вирусты инфекция бронхиоланы зақымдайды

Респираторлы синцитиалды вирусты инфекция әлемде тараған. Біздің елімізде де бар. Бұл инфекция жаңа туған нәрестеден бастап 2 жасқа толмаған балалар арасында тіркеледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Астана медицина университеті» АҚ балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі Динагүл Баешева журналистің сұрағына берген жауабында мәлімдеді.

«Басқа вирусты инфекцияларға қарағанда бұл вирустың көздейтіні – бронхиола. Пневмония кезінде альвеола зақымдалса, мұнда бронхиола. Сондықтан клиникалық көрінісі пневмония тәрізді болып тұрады. Температураның көтерілуі, жөтел, ентікпе пайда болады. Осы көріністер 3-4 күн емес, 3-4 аптаға дейін созылуы мүмкін. Сондықтан міндетті түрде клиникалық көріністе мынадай белгілерге көңіл бөлу керек: егер баланың ентікпесі көбейіп тұрса, міндетті түрде дәрігер шақырып, сатурациясын тексеру керек. Себебі сатурациясы түсіп кетсе, баланың жағдайы нашарлап қалуы мүмкін. Ал ем ретінде дұрыс тамақтандыру, көп су беру қолданылады», - деді спикер.