«Қазақ тіліндегі кинокартиналарға сұраныс артып келеді. Халыққа рейтингі жоғары фильмдерді қазақ тілінде көрсету – идеологиялық тұрғыдан да аса маңызды. Осы мақсатта біз голливудттық жаңа туындыларды ана тілімізге дубляждау бойынша арнайы жобаны қолға алған едік. Тілге деген ең үлкен қолдау – оны қолдану. Бүгінде ана тілімізде сөйлейтін жастар да, оны үйренгісі келетін өзге ұлт өкілдерінің де қатары артып келеді. Сондықтан қазақтілді контентті бірге дамытайық», - деді Дәурен Абаев.
Айта кетейік, «Қара қабылан: Ваканда жасасын!» - Marvel студиясының қазақ тілінде шығарған жетінші фильмі.
10 қарашадан бастап 16 жастан асқан көрермендер блокбастерді еліміздің барлық кинотеатрларында көре алады.