11.11.2022 _ 11:10

Жыл басынан бері 2,5 мыңға жуық есірткі қылмысы анықталды

Жыл басынан бері барлық құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесіп, 2,5 мыңға жуық есірткі қылмысы анықталды. Оның 60%-ы немесе 1,5 мыңы сатумен байланысты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Қарасора-2022» жедел алдын алу іс-шарасының нәтижелерімен таныстырған ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Бақытжан Әмірханов хабарлады.

«Жалпы 12,7 тонна есірткі тәркіленді. Оның ішінде героин – 33 кг, апиын – 68 кг, синтетика – 507 кг, гашиш – 705 кг, марихуанна – анаша дейміз, 4 тоннадай, қалғаны канабис секілді өсімдік түрлері», - деді Әмірханов.


Сондай-ақ 4 ұйымдасқан қылмыстық есірткі тобының жұмысы тоқтатылды. «Ұйымдасқан қылмыстық топтың 32 белсенді қатысушысы жауапкершілікке тартылды. Олар 13 ауыр есірткі қылмысын жасаған.