11.11.2022 _ 11:50

«Қарасора» жедел профилактикалық іс-шарасы: Жыл сайын 10-15 тонна аралығында есірткі тәркіленеді

«Қарасора» жедел профилактикалық іс-шарасы операциясына Ұлттық ұлан күштері мен құралдары, техникалары, «Бүркіт» жеке құрамы, сондай-ақ ішкі істер органдарының арнайы бөлімшелерінің жауынгерлері жұмылдырылды. Тікұшақ техникасы, жоғары өтімді автокөлік, сондай-ақ биыл алғаш рет ұшқышсыз ұшатын аппараттар пайдаланылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Бақытжан Әмірханов мәлімдеді.

«Жыл сайын 10-15 тонна аралығында есірткі тәркіленеді, 200-ден астамы есірткі өсіру фактілерімен 50-дей ірі плантация жойылады. Мұның бәрі есірткі бизнесінің осы түрінің жоғары ұйымдастырылғандығын көрсетеді», - деді спикер.