11.11.2022 _ 12:10

«Қарасора-2022»ЖПМ қорытындысы шығарылды

«Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы аяқталды. Операция кезеңінде республика бойынша 1275 қылмыс анықталды, оның ішінде 667 өткізу, 178 заңсыз сақтау және 245 өсіру фактісі. Оның қорытындыларымен Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Бақытжан Әмірханов таныстырды.

«Полиция қызметкерлері 9,7 тонна есірткі, оның ішінде 2,3 тонна марихуана, 200 келіге жуық гашиш, 113 келі синтетикалық есірткі, 7 тоннаға жуық қарасора және 179 мыңнан астам түп есірткі бар өсімдіктерді тәркіледі. Жалпы, «Қарасора» операциясы сәтті аяқталып, күткен нәтижеге жетті. Жеткізу арналарының жолын кесу және каннабис тобындағы есірткінің ірі партиясын тәркілеу, сондай-ақ плантацияны жою фактілері дәлелденді. Онымен күресуіміз керек», - деді спикер.